Павлодар
Шикі картоппен адам өлтірген павлодарлыққа сот үкімі шықты


© Sputnik
Ішімдікті өзінен жасырып ішті деп болжаған ер адам бөтелкелесін ұйықтап жатқан жерінде соққыға жыққан
Павлодар облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында ауыл тұрғынының қылмыстық әрекетіне қатысты сот процесі аяқталды. Сотқа алқабилер қатысты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Айыптау қорытындысына сәйкес, Павлодар облысы Подстепка ауылының 43 жастағы тұрғыны 50 жастағы досы өзіне айтпай, ішімдік сатып алып ішкен деп болжаған. Соған ашуланған ол досы төсекте ұйықтап жатқанда ұрып-соққан. Оған қоса оның көмейіне шиі екі картоп тыққан. Механикалық асфиксиядан ер адам қайтыс болды.
Сот шешімімен ауыл тұрғыны 15 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол жазасын қауіпсіздігі ең жоғары қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтейді.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Бөлісу