Алматыда балалар коронавирусты жиі жұқтыра бастады

Экспресс К

© РИА Новости

Бұл ересектер арасында аурудың өсуімен тікелей байланысты. Дәрігерлер балаларды қорғау мақсатында ересектерді жаппай вакцина жасауға шақырды.

Қалалық клиникалық балалар жұқпалы аурулар ауруханасы бар дәрігерінің орынбасары Айнұр Уәлиеваның айтуынша, Алматыда балалар арасында коронавирустық инфекцияның өсуі наурыз айындағы мерекелерден кейін және сәуірде байқала бастады, деп хабарлайды informburo.kz.

Қазір қалалық клиникалық балалар жұқпалы аурулар ауруханасының стационарында 71 бала ем алып жатыр. Оның ішінде:

1 жасқа дейін-2;

1 жастан 4 жасқа дейін-17 бала;

5 жастан 14 жасқа дейін-24 бала;

15-18 жас аралығында — 10 адам бар.

Жұқтырудың негізгі факторы үй жағдайында байқалады. Яғни, бір отбасының ересектерімен тығыз байланыс жасаған кезде.

"Наурыздың екінші жартысында біздің мамандар 72 баланы, ал сәуір айында 176 баланы емдеді. Сәуірдің бірінші онкүндігінде ауруханадан 139 бала шығарылды, ал 11-19 сәуір аралығында 107 бала шығарылды. Сырқаттанушылықтың өсуі ересек халықтың арасында ауырғандардың көбеюімен тікелей байлланысты. Көп жағдайда ауру симптомсыз өтіп жатыр",- деді педитр Айнұр Уәлиева.

Оның айтуынша, коронавирус инфекциясы кішкентайларда ересектерге қарағанда жеңіл өтеді. Бірақ, маман баланың сауығып шыққанына қарамастан, оны учаскелік дәрігерден тексеруден өткізуге кеңес береді. Оңалту кезінде үйлестірілген тамақтануды ұстану, тыныс алу жаттығуларын жүргізу, дене шынықтырумен айналысу өте маңызды. Дрігерлер инфекцияның себебі мен негізгі берілу жолы ауа тамшылары арқылы екенін атап өтті.

Сондай-ақ, дәрігер алматылықтарды жас ұрпақтың игілігі үшін, ұжымдық иммунитет қалыптастыру мақсатында екпе алуға шақырды. Өйткені, балаларға коронавирусты ересектер жұқтырады.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров