Алматыда автобус отқа оранды

Express Qazaqstan

ТЖД

Таңертенгі 11 шамасында 101 нөміріне жанұшыра тұрғындар қоңырау шалды. Олар Әйгерім ықшам ауданында қоғамдық көлікке оттың ауыз салғанын хабарлады.

Өрт сөндірушілер жеті минуттың ішінде жедел жеткенмен, ауыздықсыз алау автобус ішін толықтай жалмаған еді. Аспанға шапшыған жалын 20 шаршы метр жерді шарпыды. Төтеншеліктер жеті минуттың ішінде өртті сөндіре алды. Зардап шеккендер жоқ. Қалалық мобильдік басқарма бұл нөмірі 115 ші бағытта жолаушы таситын автобус екенін растады. Бірақ, қолданысқа енгеніне көп болмаған "Лиаз" маркалы қоғамдық көлікте оттың қалай бас алғанын ашып айтпады. Тексерістің жүріп жатқанына жүгінді.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров