Шымкент қаласында карантин талаптары күшейтілді

Экспресс К

basnews.kz

Шымкентте карантиндік шектеу шаралары 20 сәуірден бастап тағы да жалғасады, деп хабарлайды Egemen.kz.

"Шымкент қаласында карантин режимі ұзартылсын және коронавирустық инфекцияның таралуының алдын алу жөніндегі шектеу шаралары 2021 жылғы 20 сәуірден бастап эпидемиологиялық жағдай тұрақталғанға дейін күшейтілсін" деп бекітілген.

Қазіргі таңда Шымкент қаласы "қызыл" аймақта. Жаңа қаулыға сәйкес, адамдардың көп жиналуына байланысты кез келген (ауызашар, еске алу, туған күндер, мерей тойлар, шығарып салу, құдалық той, беташар және басқа) шараларды өткізуге тыйым салынды. 65 жастан асқан адамдардың қалада жүруі шектелді. Сауда орталықтарында, азық-түлік және азық-түлік емес дүкендерде, халыққа қызмет көрсету саласындағы нысандарда және адамдар көп жиналуға мүмкіндігі бар орындарда күнделікті дезинфекциялық іс-шаралар жүргізілуі тиіс. Банкет залдардың, мектеп асханаларының жұмысына тыйым салынды. Автовокзалдар мен автостанциялардың жұмысы тоқтатылады.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров