Түркия мен Қазақстан арасындағы әуе рейстер саны қысқартылады

Express Qazaqstan

pixabay.com

26 сәуірден бастап Түркия мен Қазақстан арасындағы әуе рейстерінің саны 20-дан 9-ға дейін қысқартылады, деп хабарлайды matritca.kz ҚазАқпарат тілшісіне сілтеме жасап.

Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. "Ведомствоаралық комиссияның тиісті хаттамасына сәйкес 26 сәуірден бастап Қазақстан Республикасы мен Түркия Республикасы арасындағы рейстердің жалпы санын аптасына 20-дан 9 рейске дейін қысқарту тапсырылды" — деп жазылған баспасөз қызметі ұсынған мәліметте.

Вдоемстовның ресми мәліметінде көрсетілгендей, қысқартылған рейстердің кестесі мынадай: 20 сәуірдегі жағдай бойынша екі ел арасынла 7 бағыт бойынша аптасына 20 рейс орындалады:

— Нұр-Сұлтан — Ыстанбұл, 2 рейс

— Нұр-Сұлтан — Анталя, 1 рейс

— Алматы — Ыстанбұл, 7 рейс

— Алматы — Анталя, 5 рейс

— Түркістан — Ыстанбұл, 2 рейс

— Ақтау — Ыстанбұл, 1 рейс

— Шымкент — Ыстанбұл, 2 рейс.

"Рейстер саны бойынша шектеулер эпидемиологиялық жағдай жақсарғанға дейін қолданылады", — деп толықтырды баспасөз қызметі.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров