Елорда тұрғыны көпірден секіріп кетті

Express Qazaqstan

ДП баспасөз қызметі

Елорданың 38 жастағы тұрғыны көпірден өзенге секірген қызды құтқарып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаментінің хабарлауынша, бүгін сағат 11.16-да " 102" пультіне "Қазақстан" СК маңындағы көпірден бір қыздың өзенге секіргені туралы хабарлама келіп түскен.

"Мен сол маңда тұрғанмын. Бір кезде адамдар қыздың суға секіргенін айтып шулап кетті. Жақындағанда су бетінде жанталасып жатқан қызды көрдім. Ойланбастан сырт киімімді шешіп, өзенге қойып кеттім", — дейді астаналық тұрғын.

Құтқарушы 16 жастағы қызды жағаға шығарып, оны дәрігерлерге тапсырды.

"Қазір оның өміріне ешқандай қауіп жоқ. Оқиғаның мән-жайын полицейлер анықтап жатыр. Елордалық полиция департаментінің басшысы Ержан Сәденов Денис Синдеевке ерен еңбегі үшін алғыс айтып, Алғыс хат пен бағалы сыйлық табыс етті", — деп жазады Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров