Астана
Нұр-Сұлтанда тағы 6 кинотеатр қызмет көрсете бастады


pixabay.com
Елордалық кинотеатрлар Ashyq жобасына қатысу арқылы апта бойына жұмыс істеуге мүмкіндік алды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Еске салсақ, Нұр-Сұлтан қаласында сынақ режимінде Ashyq жобасы 2021 жылдың 17 қаңтарында іске қосылды. 2021 жылдың 26 ақпанында Бас санитар дәрігердің "Ashyq" мобильді қосымшасын Нұр-Сұлтан, Алматы және Қарағанды қалаларындағы кәсіпкерлік нысандарына енгізу бойынша пилоттық іс-шара өткізу туралы" №7 қаулысы қабылданды.
Осы қаулы шеңберінде "Ashyq" пилоттық жобасы фитнес-клубтар, спа-орталықтар, сауналар, бассейндер, компьютер клубтары және боулинг орталықтарында іске асырыла бастады. Осылайша, 2020 жылдың наурызынан бастап тоқтап қалған компьютер клубтар мен бойлинг орталықтары жұмыс істеуге мүмкіндік алды.
Бөлісу