Қазақстанда жаңа кәсіби мереке пайда болуы мүмкін

Express Qazaqstan

pixabay.com

Қазақстанда жаңа кәсіби мереке – Малшылар күні пайда болуы мүмкін. Қаулы жобасын ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі әзірледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Ашық НҚА" порталында жарияланған қаулы жобасына берілген түсіндірмеге сәйкес, Малшылар күні мерекесін маусымның екінші жексенбісі атап өту көзделген. "Қаулы жобасын іске асыру республикалық бюджеттен қаржылық шығындарға әкеп соқпайды. Жобаның мақсаты елімізде малшылар күні мерекесін бекіту, сондай-ақ сала жұмыскерлерінің беделін арттыру, салада қол жеткізген жетістіктері үшін оларды көтермелеу болып табылады", — делінген АШМ түсіндірмесінде. Құжат биылғы жылғы 5 мамырға дейін талқылауға ұсынылған.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров