Бокстан әлем чемпионаты: Екі қазақстандық бойжеткен финалға шықты

Express Qazaqstan

ҚР ҰОК баспасөз қызметі

Польшаның Кельце қаласында өтіп жатқан жастар арасындағы әлем чемпионатында қазақстандық бес боксшы қыздың екеуі финалға жолдама алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазақстан бокс федерациясына сілтеме жасап.

Жартылай финалда Жұлдыз Шаяхметова (60 келі) өзбекстандық Дильфуза Бекованы қапы қалдырып кетті. Ал Дана Дидай (75 келі) да өзбек бокшысы Сохиба Рузметованың осал тұсын тапты. Осылайша екі қазақстандық спортшы енді финалда бақ сынайды. Ал қазақстандық үш боксшы жартылай финалд сүрінді. Атап айтқанда, Жасмин Қзизатова (69 келі) польшалық Басе Марцинковскаяға, Әсел Сағатова (81 келі) молдовалық Ксения Олифиренкоға, Елдана Тәліпова (81 келіден жоғары) да молдовалық Дарья Козорезге есе жіберді. Нәтижесінде аталған үш боксшы қола жүлдегер атанды. Ал жігіттер арасында әзірге Санжар Тәшкенбай (49 келі) финалға жолдама алды. Естеріңізге сала кетелік, жастар арасындағы әлем чемпионатына еліміз атынан 20 боксшы аттанған болатын.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров