Сафиуллин сүрінді

Express Qazaqstan

ҚР ҰОК баспасөз қызметі

Ресейдің Санкт-Петербург қаласында бокстан халықаралық турнир басталды. Өкінішке қарай "Санкт-Петербург губернаторынының кубогы" қазақстандық боксшы Зәкір Сафиуллин үшін сәтсіз болды. 63 келі салмақта сынға түскен ұлттық құраманың белді боксшысы молдовалық Александр Параскивке 2:3 есебімен жол берді. 35 жасқа толатын, Азия чемпионатының жүлдегері үшін бұл жеңіліс үлкен сабақ болары сөзсіз. Өйткені молдовалық боксшының жасы небәрі 21-де ғана.

Халықаралық турнирдің түңлігін түріп, алғашқы сайыс күні рингке шыққан үш боксшымыздың екеуі келесі кезеңге өтті. 57 келі салмақта Ораз Асылқұлов италиялық Халит Фридмашты еркін ұтты, бес төреші де Ораздың озық тұрғанынна тәнті болды. 75 келіде әлем чемпионатының күміс жүлдегері Әбілхан Аманқұл да Санкт-Петербург губернаторының кубогындағы алғашқы айқасында көп күші сарқа қойған жоқ. Нидерландылық Ван Дер Пар Максті 2-раундта нокдаунға түсіріп, рефери жекпе-жекті тоқтатты.

Бокстан ұлттық құраманың бас бапкері Ғалым Кенжебаев 49 келіде Теміртас Жүсіпов, Даниял Сәбит, 52 келіде Махмұд Сабырхан, 60 келіде Бекнұр Ожанов, 69 келіде Асланбек Шымбергенов, 81 келіде Бекзат Нұрдәулетов, 91 келіде Айбек Оралбай сынды саңлақтарды Токио Олимпиадасының алдында халықаралық турнирге салып, сынап көрмек. 24 сәуірге дейін созылатын додаға 15 елдің таңдаулы боксшылары қатысып жатыр.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров