20 күнде 1-сыныпқа қабылдауға 75 мың өтініш түскен

Экспресс К

turkistannews.kz

2021-2022 оқу жылында 1-сыныпқа өтініштерді қабылдау биыл онлайн режимде басталған болатын. 1 сәуірден электронды форматта eGov.kz порталы арқылы ата-аналар өтініштерін жолдады. ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі 20 күннің ішінде 75 мың өтініш келіп түсті дейді. Ведомствоның баспасөз қызметі таратқан ақпаратта " Алты жасар және ағымдағы күнтізбелік жылы 6 жасқа толатын балалардың құжаттарын бірінші сыныпқа қабылдау науқаны жалғасып жатыр. 20 күннің ішінде 75 мыңға жуық өтініш келіп түсті" деп жазылған.

Карантиндік талаптарды қатаң сақтау мақсатында ата-аналарға балаларын 1-сыныпқа беру жайлы өтінішті eGov.kz арқылы да өткізуге болады. Өтініш жазумен қатар баланың туу туралы куәлігін, №026/у-3 нысаны бойынша денсаулық паспортын, №063/у медициналық анықтамасын, 3х4 көлемді құжаттық суреттен 2 данасын мектепке өткізеді. Эпидемиялық ахуал әлі де ушығып, қызыл аймақта тұрған өңірлердің тұрғындары балаларының медициналық анықтамасын жаңа оқу жылы басталғанға дейін әкеліп тапсыруына рұқсат етіледі.

Балаларды 1-сыныпқа қабылдау үшін өтінішті ата-аналар 1 тамызға дейін тапсыра алады. ҚР Білім және ғылым министрілігі алдағы жаңа оқу жылында мектеп табалдырығын алғаш аттаушы жеткіншектердің саны 340 мыңнан асады деп болжам жасап отыр.

2020-2021 оқу жылында елімізде 1-сыныпқа 396 мыңнан аса бала барған болатын.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров