Жаңбыр жауып, қатты жел соғады: 21 сәуірдің ауа райы болжамы

Экспресс К

pixabay.com

Еліміздің кей аумағында тұман түсіп, найзағай ойнайды, оңтүстік өңірлерде бұршақ жауады

"Қазгидромет" РМК сәрсенбі, яғни 21 сәуірге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

"Республиканың солтүстік бөлігі әлі де антициклон ықпалында болғандықтан, жауын-шашынсыз ауа райы болжанады. Республиканың қалған аймақтарында атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты тұрақсыз ауа райы болады, кей жерлерде жауын-шашын (жаңбыр, қар), оңтүстікте, оңтүстік-шығыста қатты жауын-шашын жауады. Еліміздің кей аумағында тұман, найзағай, көктайғақ болуы мүмкін, жел күшейеді, шығыста жаяу бұрқасын болады, оңтүстік және оңтүстік-шығыста қатты дауыл соғып, бұршақ жаууы мүмкін, оңтүстік-батыста шаңды дауыл болады", — деп болжам жасайды синоптиктер.

Атап айтқанда, Түркістан, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде тұман, қатты дауыл күтіледі, желдің 15-20, екпіні 23-28 м/с күшейеді, бұршақ жаууы мүмкін, Жамбыл облысының кей жерлерінде көктайғақ болады.

Алматы облысының кей жерлерінде тұман түсіп, найзағай болғанда жел күші 15-20, екпіні 23-28 м/с жетеді, бұршақ жаууы мүмкін.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын, тұман, көктайғақ болады, жел 15-20, екпіні 23-28 м/с дейін күшеюі мүмкін.

Қарағанды ​​облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады, жел 15-20 м/с күшейеді.

Атырау, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде шаңды дауыл, түнде кей жерлерде 15-20 м/с жел күшейеді, күндіз басым бөлігінде 15-20, екпіні 25 м/с болады.

Батыс Қазақстан облысында бұршақ жаууы мүмкін, кей жерлерде жел 15-20, екпіні 23-28 м/с күшейеді.

Қызылорда, күндіз Ақмола, Павлодар, Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді. Солтүстік Қазақстан, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде тұман түседі.

Қостанай облысының кей жерінде тұман түседі.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров