Ақтөбеде балықты заңсыз аулаған қала тұрғыны ұсталды

Express Qazaqstan

pixabay.com

Ақтөбенің Торғай өзенінде балықты заңсыз аулаған тұрғын ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Еліміз бойынша қазір "Киік" алдын алу шарасы өтіп жатыр. Ырғыз аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері рейд кезінде облыс орталығының 39 жастағы тұрғынын ұстады. Одан 5 балық ауы, резеңке қайық және 56 дана сазан табылып, тәркіленді. "Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің "Балық ресурстарын заңсыз өндіру" бабымен тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдіктінің кінәсі дәлелденсе мүлкі тәркіленіп, алты мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салу не сол мөлшерде түзеу жұмыстарын не үш жылдан алты жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу не сол мерзімге бас бостандығынан айыру көзделген",- деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров