Кино билеттері 16 пайызға қымбаттады

Экспресс К

pixabay.com

Алайда, кезекті локдаун кезеңінде кинокөрсетілімдер индустриясы тығырыққа тіреледі.

Биыл наурыз айында кино билеттерінің құны 1,5 мың теңгеге жетті. Бұл — бір жыл бұрынғыға қарағанда бірден 16 пайызға қымбат, деп хабарлады Informburo.kz

Еліміздің ірі қалалары мен мегаполистері арасында ең қымбат билеттер Шымкентте (2,6 мың теңге), Атырауда (2,5 мың теңге) және Ақтөбеде (2,1 мың теңге) болды. Ең арзан билеттерді Түркістан қаласының тұрғындары сатып ала алды (барлығы 800 теңге).

Билет құны бір жылда тек Қостанайда (3,5 пайызға, 1,3 мың теңгеге дейін) және Семейде (2,7% пайызға, 1,1 мың теңгеге дейін) төмендеді.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров