Вакцинацияланған адамдарда иммунитет үш жылға дейін созылуы мүмкін

. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН

© ТАСС

Вакцинациядан кейін адамның коронавирусқа қарсы иммунитеті вируспен үнемі байланысып отырған жағдайда 2-3 жылға дейін сақталуы мүмкін, деді Ресей денсаулық сақтау министрлігінің Гамалея атындағы орталығының бас директоры, Ресей Ғылым академиясының академигі Александр Гинцбург.

"Қазір антиденелердің деңгейі қоздырғышпен үнемі байланыста болу нәтижесінде өсті, тіпті егер иммунитетті ынталандыру тоқтатылса да, бұл деңгей кем дегенде 6-8 айға жетеді. Бірақ біз түсініп отырғанымыздай, індет ертең тоқтамайды, екі, мүмкін үш жыл ішінде протективті антиденелер көлемі қоздырғыш біздің ағзамызға тікелей шырышты қабық деңгейінде енген күннің өзінде патогенді жою үшін жеткілікті болады ", — деді Гинцбург бірінші арнадағы Док-ток бағдарламасында.

Ол вакцинациядан бір жыл өткен соң өзінің және оның әріптестерінің антиденелерінің өте жоғары деңгейде екендігін атап өтті.

Гинцбургтің айтуынша, кем дегенде 10 миллион ресейлік коронавирусқа қарсы вакцина алған.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров