Теңіз жағасына шығып қалған кішкентай итбалық құтқарылды

Express Qazaqstan

Маңғыстауда боздақ (итбалықтың баласы) кішкентай құтқарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Бұл туралы Ақтау қаласындағы Каспий итбалығын зерттеу және оңалту орталығы хабарлады.

Боздақ (итбалықтың баласы) Ақтау қаласындағы Каспий итбалығын зерттеу және оңалту орталығында екі аптадай болған. Орталыққа түскен кезде әлсіз, салмағы 4,4 келі ғана болса, қазір 7 келіге дейін жетті. Өз күшімен жүзіп, балық ұстай бастады. Орталық қызметкерлері боздақтың дамуы жақсы және ілгерілеу байқалатынын айтты. "Боздақтың тәбеті жақсы, өте епті, сонымен қатар өз күшімен тағам жей бастады. Эктопаразиттерден тазарту процедурасын өткіздік",- делінген хабарламада. Айта кетейік, Ақтаудағы Каспий итбалығын зерттеу және оңалту орталығына 29 наурызда сағат 10.00-де жергілікті тұрғындардан Баутино кентінде теңіз жағасында итбалықты тапқаны туралы қоңырау түскен. Куәгерлердің айтуынша, итбалық жағада екі күндей жатып қалған. Орталық мамандары итбалық табылған жерге барып, оған алғашқы ветеринариялық көмек көрсеткен. Алғашында итбалықтың жағдайы қиын және қозғалыссыз жатқан. Сол күні оны орталыққа жеткізген. Мамандардың айтуынша, боздақтың жасы-бір ай, дене салмағы-4,4 келі. Ол бұл жаста 10-12 келі тартуы керек.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров