Тасқалалықтардың жерін тарылтқан кім?

Express Qazaqstan

azh.kz

Атырау облысында тағы да жер дауы көтерілді. Бұл жолы облыс орталығына жақын қоныстанған Тасқала ауылының тұрғындары наразылыққа шықты деп хабарлайды «Ақ Жайық» баслымы. Жегрілікті басылым тілшісінің жазуынша, дау тудырған – жер мәселесі. Қала іргесіндегі Тасқала ауылына тым жақындатып «ЭлитСтрой» ЖШС карьерлік жұмыстарды жүргізіп, қазуды бастаған. Жазғы аптапқа ілінбей-ақ бұрқыраған шаңға тұншығғып, тынысы тарылғған тұрғындар жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жұмысы тоқтатылсын, жерімізді қазбасын деп талап қойды.

Тасқала ауылындағы бұл үшінші карьер екен, Бұған дейін де екі жерден қазып, шикізат алғандарға халық наразы болып жаптырыпты. Атырау облысын Иманғали Тасмағамбетов басқарған тұста тасқалалықтар олыс әкіміне арыз жазып бір карьерді жаптырыпты, екіншісі де жұмысын тоқтатқан.

"Әкімдіктен рұқсат алдық деп келіп қазып-қазып тегіс жерімізді жарлауытқа айналдырып қалдырып кетеді. Жергілікті халықтың талабын тыңдап, пікірін де ескермейді" дейді ауыл тұрғындары. Карьерден құм тасыған жүк көліктері ауылға қатынайтын көпірді де ойып, шұңқырлар көбейген. Даулы жер қарайтын Кеңөзек ауылдық округінің әкімі Ернар Өтешқалиев кәсіпкерлер заңға сәйкес жұмыс жүргізіп жатқанын, барлық құжаттары түгел, облыс әкімдігінің рұқсаты да бар екенін айтып халықты баспақ болды. Бірақ мал жаятын өрісімізге дейін тарылды деген тасқалалықтар наразылықтарын жалғастырып, компания қазуды тоқтатпаса мәжіліс депутаттарына хат жазып, араша сұрайтындарын айтты.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров