Теңізге шөккен түйелер

Express Qazaqstan

sergeev.org

Маңғыстау облысының Түпқараған ауданына қарасты «Көсе» деген жерде түйелердің өлекселері табылды. Жергілікті тұрғындар «Досхана қорасы» деп атап кеткен маңнан 20 бас түйенің өлігі Каспий теңізінің жағалауына шығып қалған.

Маңғыстау облыс әкімінің баспасөз қызметі осы жайтқа байланысты ақапарт берді. "Бұл жануарлар ерте көктемде суға батып кеткен болуы керек. Бүгін қатты толқын көтеріліп, жануарлардың денесін жағаға шығарып тастады. Қазір аудан әкімдігі, облыстық төтенше жағдайлар департаменті мен аудандық ветеринария стансасының қызметкерлері шұғыл іске кірісіп, өлген түйелерді жою жұмысын қолға алып жатыр" дейді облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Жергілікті тұрғындар да теңізге шөккен қалай қырылғанын білмей дал. Ерте көктемде ықтап кеткен ойсылқара тұқымы теңіздің тереңіне батып кетуі мүмкін деген болжам шындыққа жанасады. Себебі бұл өңірде төрт түліктің теңіздің ұйығына батып өлуі жиі болатын көрінеді.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров