Нұр-Сұлтанда 23 сәуірден бастап күн жылынады

Express Qazaqstan

©ЭК/Валерий КАЛИЕВ

Осы аптаның соңына қарай "Қазгидромет" РМК синоптиктерінің болжамы бойынша елордада күн жылынады деп күтіліп отыр, деп хабарлайды Kazpravda.kz қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Осылайша, бүгін, яғни 21 сәуірде Нұр-Сұлтанда көшпелі бұлт шығып, ауа райы жауын-шашынсыз болады деп болжанып отыр. Батыстан, солтүстік-батыстан 7-12 м/с жылдамдықпен жел соғады, ауа температурасы түнде 7-9 аязға дейін төмендейді, күндіз 8-10 градус жылы болады.

Күндіз көшпелі бұлт шығып, жауын-шашын болмайды. Солтүстік-шығыстан 9-14 м/с жел соғады, ауа температурасы түнде — -5-7 градус, күндіз 5-7 градус жылы болады.

23 сәуірге арналған ауа райы болжамы: көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан 3-8 м/с жел соғады, ауа температурасы түнде 4-6 градус, күндіз 13 градус жылы болады.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров