Елжан Біртанов сотта өзін босатуды сұрады

Express Qazaqstan

Ашық дереккөзден

Бүгін экс-министрдің үстінен қозғалған қылмыстық іс бойынша алғашқы сот отырысы өтті,-деп хабарлайды azattyq-ruhy.kz.

Бүгін экс-министр Елжан Біртановқа қатысты қылмыстық іс бойынша алғашқы сот отырысы өтті. Прокурорлар Елжан Біртановтың үйқамақта отыру мерзімін мамыр айының соңына дейін ұзартуды сұрады. Айыптаушы тараптың айтуынша, егер Біртанов бостандықта жүрсе, тергеуге қысым көрсетуі мүмкін.

Үш жылдан аса Денсаулық сақтау минстрі болған Елжан Біртанов сот отырысында өзінің кінәсіз екенін айтты. Ол өзіне тағылған айыппен келіспейтінін және соттан өзін босатуын сұрады.

"Менің еш кінәм жоқ және өзіме тағылған айыппен келіспеймін. Құрметті судья, мені босатуыңызды сұраймын. Себебі, мен қазір қамауда отырғанымнан гөрі бостандықта жүрсем, эпидемиямен күресуде қоғамға көбірек пайдамды тигізер едім. Менің денсаулық сақтау, медицина саласында жиған тәжірибем жеткілікті. Сондықтан эпидемиямен қалай күресу керектігін білемін", — деді Елжан Біртанов.

Еске сала кетейік, 2020 жылдың 3 қарашасында бұрынғы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов бюджет қаражатын ысырап етті деген күдікпен қамауға алынды.

22 ақпанда Нұр-Сұлтан қаласының ауданаралық тергеу соты экс-министр Елжан Біртановты үйқамақта ұстау мерзімін 2021 жылдың наурыз айының соңына дейін ұзартты. Сосын экс-министрді үйқамақта ұстау мерзімі 30 сәуірге дейін ұзартылды.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров