Шетелдік жұмысшыға зәру емеспіз

Express Qazaqstan

inform.kz

Елімізде 14 мыңнан астам шетел азаматы жұмыс істейді. Сәуірдің 1-күнгі жағдай бойынша 14 794 шетелдік азамат жергілікті атқарушы органдардың рұқсатымен Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметін көрсетіп жүр. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министірлігі хабарлайды.

Шетелдік жұмыс күшін (ШЖК) тартуға берілген рұқсаттардың ішінде мынадай санаттар бар: бірінші санат — 648 (басшылар және олардың орынбасарлары), екінші санат — 3 240 (құрылымдық бөлімшелердің басшылары). Тартылған ШЖК-нің негізгі бөлігі үшінші (мамандар) және төртінші (білікті жұмысшылар) санаттарға жатады. Олар — 7 397 адам және 491 адам. Сондай-ақ маусымдық жұмыстарға — 1 329 адам, ал корпоративтік ауыстыру шеңберінде — 1 689 адам тартылған.

Қазіргі уақытта Қазақстанда ШЖК пайдаланатын 1 641 жұмыс беруші бар. Оларда шамамен 489 мың Қазақстан азаматы жұмыс істейді, бұл жалпы жұмысшылар санының 97 пайызын құрайды.

Еңбекші мигранттар шығатын негізгі елдер: Қытай — 3 617 адам, Түркия — 1 490 адам, Үндістан — 1 098 адам, Ұлыбритания — 947 адам, Өзбекстан — 1 369 адам.

Естеріңізге сала кетейік, ішкі еңбек нарығын қорғау мақсатында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жыл сайын елімізге шетелдік мамандарды тартуға арналған квота белгілейді. 2021 жылы квота мөлшері жұмыс күшіне шаққанда 0,31 пайызды немесе 29,3 мың адамды құраған.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров