Қарағанды әкімдігінің терезесінен жұмысшы құлады

Express Qazaqstan

inbusiness.kz

Қалалық әкімшілік ғимаратының төртінші қабатынан құлаған ер адамды дәрігерлер аман сақтап қала алмады. Оқиға 19 сәуірде болған, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Әкімшілікте жұмыскер болып жүрген ер адам ғимараттың төртінші қабатынан құлап кеткен. Бұл фактіні Қарағанды қаласы әкімінің баспасөз хатшысы Әсел Садуақасова растап отыр. Алайда шенеуніктер оқиғаның мән жайын тексеру жүріп жатқанын сылтау қылып толық айтпады. Марқұм терезе жөндеп жатқанда құлап кеткен деген болжам айтылады. Ер адам құлаған бойда ауруханаға жеткізілген, алайда оның өмірін дәрігерлер сақтап қала алмаған. "Бұл фактіге қатысты іс тіркеліп, қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде", — деп мәлімдеді Полиция департаментінің баспасөз қызметкері Бақытжан Құдияров.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров