Қазақстанда covid-19-дың 800-ге жуық қайталанған жағдайы тіркелді


©ЭК/Алимжан БАРАНГУЛОВ
Қазақстанда covid-19-дың 800-ге жуық қайталанған жағдайы тіркелді, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігінің санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті төрағасының орынбасары Зәуре Ахметова.
"Бүгінгі таңда зерттелген материалдарға, статистикалық мәліметтерге сәйкес, 800 — ге жуық адам қайта ауру ретінде тіркелген (коронавирус-ИФ — Қ)", — деді Ахметова сәрсенбіде өткен брифингте.
"Әрбір ауруды эпидемиологтар бөлек зерттеп, консилиумдар жүргізілетінін атап өткім келеді", — деді ол.
Бұған дейін Қазақстанда коронавирусты қайта жұқтырудың екі жағдайы туралы ғана хабарланған болатын.