767 мыңға жуық адамға вакцинаның бірінші компоненті салынды

. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН

©ЭК/Андрей ХАЛИН

Қазақстан халықты COVID-19-ға қарсы вакцинациялау қарқынын арттыруда, "Спутник V" препаратының алғашқы дозасын қазірдің өзінде 766 мың 614 азамат алды, деп хабарлады денсаулық сақтау вице-министрі, республиканың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Ерлан Қиясов.

"Вакцинация қарқыны артып, вакцинациямен қамту тәулігіне 70 мыңнан астам адамға дейін артты. Бүгінгі таңда бірінші компонент 766 мың 614, екінші компонент — 126 мың 550 азаматқа егілді. Өңірлерде қазір шамамен 156 мың доза вакцина бар. Вакцинаны жеткізу кестеге сәйкес кезең-кезеңмен жүзеге асырылады", — деді Қиясов сәрсенбіде өткен брифингте.

Ол атап өткендей, иммундау 1 мың 51 егу пунктінде жүргізіледі.

Бұған дейін Қазақстанның денсаулық сақтау министрлігі сәуір айының қорытындысы бойынша елімізде 2 млн азаматты вакцинациялаудың жоспарланғанын хабарлаған болатын.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров