22 сәуірге Қазақстанның төрт облысында дауылды ескерту жарияланды

Экспресс К

pixabay.com

22 сәуірге Қазақстанның төрт облысында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.

"22 сәуірде Атырау облысында кей жерлерде найзағай, шаңды дауыл күтіледі.

Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с. Атырау қ.: 22 сәуірде найзағай, кей уақыттарда шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с", — делінген сәрсенбіде таратылған дауылды ескертуде.

Дауылды ескертудің ықтималдығы 85-90%.

"22 сәуірде Қызылорда облысында солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с сақталады. Қызылорда қ.: 22 сәуірде күндіз солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, күші 15-20 м/с күтіледі", — деп хабарлады баспасөз қызметінен.

Дауылды ескертудің ықтималдығы 85-90%.

"22 сәуірде Маңғыстау облысының кей жерлерінде найзағай, шаңды дауыл, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күші кей жерлерде 17-22 м/с күтіледі. Ақтау қ.: 22 сәуірде күндіз оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 18 м/с күтіледі", — деді сарапшылар.

Дауылды ескертудің ықтималдығы — 80-85%.

"22 сәуір Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, кей жерлерде 15-20 м/с. Орал қ.: 22 сәуір түнде найзағай күтіледі", — деп хабарлады "Қазгидромет".

Дауылды ескертудің ықтималдығы — 85-90%.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров