Азия чемпионаты: Екатерина Быкова ауыр атлетикадан қола жүлдегер атанды

Express Qazaqstan

ҚР ҰОК баспасөз қызметі

Жарыстың кезекті күнінде Қазақстан қоржыны қоламен толықты, деп хабарлайды Olympic.kz.

Ташкентте ауыр атлетикадан Азия чемпионаты жалғасып жатыр.

Бүгін әйелдер арасында 71 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде спортшылар жүлдені сарапқа салды. Аталған салмақ дәрежесінде Қазақстан сапынан жарыс жолына екі спортшы шықты.

Екатерина Быкова 213 кг (91+122 кг) көрсеткішімен үшінші сатыдан көрініп, кіші қолаға қол жеткізді. Сонымен қатар, жұлқа көтеруде кіші күміске ие болды.

Тағы бір қазақстандық спортшы қоссайыс нәтижесінде 200 (86+114) келіні бағындырып, құрлықтық біріншілікте төртінші орыннан көрінді.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров