Елімізде жемқорлық әрекетсіз тіпті таң да атпайтыны несі?

Express Qazaqstan

ОНЫ ӘРКІМ ӨЗІ БІЛЕДІ

Сонымен, не туралы айтып отыр едік? А, иә, сыбайлас жемқорлық туралы! Дені дұрыс азамат мұндайда салғыласып тұрмайды. Ол бригадирдің қолынан ұстайды да, оны бір оңаша жерге алып барады. Ал бригадир бәлсіне тұрып: «Біз оған міндетті емеспіз. Бұл үшін бізді жұмыстан қуады. Бәрін заң бойынша жасап, бір апта сусыз отырсаңыз да болады ғой» дейді. Бірақ ақырында бәрі сәтті болып шығады. Жұмысшылар құбырдың шіріген бөлігін 15 минутта жөндеп бере қояды. Енді сонша жерді қазып тастады ғой. Мәселені осындай жолмен шешу тіпті айыппұл төлеуден арзанға түсті. Заң бойынша әрекет етіп, шаршап-шалдығып, жадап-жүдеп жүргенше осы жақсы ғой. Ұсақ тұрмыстық жемқорлыққа рахмет! Онсыз қалай өмір сүріп келгенбіз? Сол миыма қонбайды.

«Жең ұшынан жалғаспаса бір де бір мәселе шешілмейтін аймақтар бар. Олар – Жамбыл облысы, Алматы және Шымкент қалалары», – деп мәлімдеді Transparency Kazakhstan қоғамдық қорының атқарушы директоры Ольга Шиян. Құдды бір бұл жаман нәрсе сияқты! 

Ольга Шиян тіпті ақшалай алғыс білдірудің негізгі себептерін атады. Бұлар – емделуге деген қажеттілік, жұмысқа тұру, сәбиін балабақшаға беру, жер мәселесін шешу, Халыққа қызмет көрсету орталығынан анықтама алу, сессияны «жабу», салық есебін тапсыру, заң бұзғаны үшін жауапкершіліктен қашу.

Аталған себептердің ішінде соңғысы қызығырақ болып тұр. Өйткені жұмыс дұрыс ұйымдастырылса, түк кінәсі жоқ азаматтардың болуы мүлдем мүмкін емес. Мен «Сергек» камералары мен автотұрақтарды айтып отырған жоқпын. Тұрғындар тоқтаусыз төлеуі тиіс. Ал енді айыппұлды төлей ме әлде пара бере ме, оны әркім өзі біледі.

Пара беруге себеп болатын жағдайлардың тізімін тағы біреуімен толықтырайық. Қазақстанның керемет қалаларының бірінде бір азамат тұрады делік. Оның жағдайы жақсы. Қалыпты өмір сүріп жатыр. Жеке секторда өз үйі бар. Бірақ бір күні бір кілтипан шықты. Анығы, су шықты. Үйдің алдындағы көшеде су атқылап кеткен. Оған құбырдың жарылуы себеп.

Әлгі азамат, әрине, жергілікті «Су арнасы» мекемесіне телефон шалады. Жылдам ба, жәй ма, әйтеуір, экскаваторы бар бригада келіп жетеді. Олар асфальтты қиратып, жерді қазып тастайды. Содан кейін бригадир біздің басты кейіпкерімізді шақырып алады да, оған екі бірдей жаңалықты жайып салады. Әдеттегідей бірі жаман, бірі жақсы.        

Жаманы мынау: «Су арнасы» жауап беретін магистралдық құбыр емес, әлгі азаматтың үйіне кіретін бөлігі жарылған. Енді оған жеке иелігіндегі су құбырына дұрыс қарамағаны үшін айыппұл салынады. Жақсы жаңалығы: «алақай, біз бәрін жөндеп қойдық!» Енді ештеңе ақпайды. Өйткені бұл азаматтың үйі судан толық ажыратылған. Ал «Су арнасынан» келген бригада қазған жерін көмеді де, ештеңеге алаңдамастан басқа жерге кете барады.   

Мұндайда адам қандай амалға баруы мүмкін? Заң бойынша бәрі дұрыс. «Су арнасы» мекемесі қайырымдылық ұйымы емес. Олар жеке тұлғаның да, заңды тұлғаның да құбырын жүргізіп немесе жөндеп беруге міндеттелмеген. Екінші жағынан, осы саланың маманы болмаса, бұл су құбырының қайдан келіп, қайдан өтетінін ешкім білмейді ғой. Енді жекеменшік бригаданы іздеп, ол табылғанша сусыз отыра беру керек пе? Бұл қанша күнге созылады?

Магистралдық құбырдан үйге дейінгі аралық өте шетін мәселе боп тұр! Бұл бөлікке толығымен үй иесі жауап береді. Заң шығарушылар оған сондай үлкен сеніп артыпты. Ол өз құбырының жай-күйін өзі бақылап, жерді қазып, құдықты бетондауы керек. Су есептегішін өз қалтасынан ақша шығарып орнатып, темір қақпақты металл ұрлаушылардан өзі қорып, басқа да шаруаларды өзі атқаруы тиіс. Бірақ ол осының бәрін қалай жасайды, көшені қоршап тастап, асфальтты қиратуға кім рұқсат береді, бұл жағы ешкімді қызықтырмайды. Ал құбырдың осы бөлігіне тұрғынның ешқандай құзіреті жүрмейді. Егер үй иесі жалдаған бригаданы магистралдық құбырды тесіп жатқан жерінен ұстап алса, «Су арнасы» бұл үшін сұмдық айыппұл салады.      

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров