23 млн теңгенің дәретханалары қай жолдарға қойылады?

Express Qazaqstan
ҚазАвтоЖол ҰК АҚ

Жыл аяғына дейін тас жолдардың бойынша 30 дәретхананы орнату жоспарланып отыр. Әрқайсының құны 23 млн теңгеге жетіп жығылады. «ҚазАвтожолдың» мәліметінше, 2020 жылы Алматы-Қорғас, Нұр-Сұлтан-Теміртау, Нұр-Сұлтан-Шучинск бағытына үшеуі қойылған.

Инвестор есебінен қаржыландырылғанмен, әжетхана бағасы неліктен аспандап тұр деген сұраққа «ҚазАвтоЖол» былайша жауап берді: «Санузел бірнеше бөлшектен тұрады. Ең қымбаты-суды үнемдейтін вакумдық жүйесі.Оның құны 14 млн теңге төңіргенінде. Қалған 9 млн теңге оны жабдықтауға, сыртын қаптайтын бөліктерді алуға жұмсалады».

Осылайша, 2021 жылы 28 жерге қымбат дәретхана салынады. Негізгі бөлігі елдің оңтүстік өңірінде орналасқан. Самара-Шымкент, Алматы-Шелек, Алматы-Қорғас, Алматы-Өскемен тас жолының бойында жыл аяғына дейін осындай әжетханалар пайда болады.

Жоспар бойынша 2022 жылы инвесторлар есебінен жол жиегіне заманауи 282 дәретхана қойылады. Кәсіпкерлердің ұсынысына байланысты, бұл көрсеткіш өсуі де мүмкін.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров