Елде темекі қайта қымбаттайды

Express Qazaqstan
pixabay.com

Ұлттық экономика министрлігі 2024 жылға дейін темекі бағасын көтермек. Бірақ, бірден емес, кезең-кезеңімен жүзеге асырады. Мәжілісте ЕАЭО-ға мүше елдердің темекі өнімдеріне акциздер саласында салық саясатын жүргізу қағидаттары туралы келісімді ратийикациялайтын заң жобасы мақұлданды.

Жоба бойынша: -2024 жылдан бастап индикатив мөлшерлеме мен одан ауытқу диапазондарын қолдану қарастырылады;

-Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесіне акциз индикатив мөлшерін бекіту және негізделген экономикалық тұрақтылық болған жағдайда оларды өзгерту бойынша өкілеттіктер беріледі.

Жоба 2024 жылдан бастап жүзеге асады. Бес жыл сайын бірыңғай индикатив мөлшерлеме және одан ауытқу диапазоны белгіленіп отырады.

2024 жылы темекі өнімдеріне қатысты индикатив мөлшерлеме 1000 дана үшін 35 еуроға баламалы мөлшерде ұлттық валютада белгіленген- деді мәжіліс отырысында Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев.

Қазір Қазақстанда темекі акциздері 1000 дана үшін 1 қаңтардағы бағам бойынша 11 100 теңге немесе 21,5 еуро. Министрдің айтуынша темекіге арналған акциздердің нақты мөлшерлемесі 2024 жылы индикатив мөлшерлемеден 20 пайыз кем емес және 20 пайыз артық емес ауытқу диапазоны бойынша бекітіледі. Сондай-ақ акциздер мөлшерлемесі тек темекіге қатысты көтеріледі және оның темекі өнімдерінің басқа түрлеріне қатысы жоқ.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров