Келесі пандемияның келері рас па?

Express Qazaqstan
centerforhealthsecurity.org

Қазақстандықтар әлеуметтік желіде «The spars Pandemic 2025-2028» деп аталатын құжатты қызу талқылап жатыр. Кездейсоқ интернетте табылған құжатты көбісі алдын ала ұйымдастырылған алдағы пандемияның нақты сценарийі деп топшылайды.

Шын мәнінде, құжат әлемдік Үкіметтің қателігінен ғаламторда тараған құпия жоба емес. Бұл-Джон Хопкинс университетінің мамандары денсаулық сақтау саласындағы қоғамдық коммуникация қызметкерлері мен қауіп-қатер байланысын зерттеушілерге арнап дайындаған кітап. Ол көпшілікке қолжетімді және оны кез келген адам жүктей алады.

PDF басылымының алтыншы бетінде «бұл жұқпалы аурудың табиғи өршуі кезінде пайда болуы мүмкін қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы коммуникациялардың қауіптері мен қиындықтарын және жаңа зерттелетін дәрі-дәрмекті, вакциналарды, терапевтік әдістерді немесе басқа да медициналық қарсы шараларды әзірлеу және тарату қажеттілігін суреттеу үшін әзірленген гипотетикалық сценарий»,- деп жазылған басылымда.

Кітапта өз бетінше орындауға арналған бірқатар жаттығулар мен байланыс мамандары үшін практикалық ұсыныстар берілген және қауіптер туралы хабарлау, қауесеттерді басқару, ведомствоаралық үйлестіру және хабарламалардың келісуі, проблемаларды басқару, БАҚ-пен ескертпелі және реактивті қатынастар, мәдени құзіреттілік және этикалық мәселелер жазылған.

COVID-дисиденттер пандемияның қолдан жасалғанын бұған дейін де дәлелдеуге тырысқан. Бұл теория 2019 жылы өткен пандемия оқу-жаттығуларына негізделген еді. Алайда, оқу-жаттығу мен нақты пандемияның арасындағы байланыс бірнеше рет теріске шығарылды, өйткені бұл теорияға ешқандай дәлел табылған жоқ.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров