Бұрынғы адмирал бүгінде «таксист» болып жүр

Express Qazaqstan

НАҚАҚТАН-НАҚАҚ КҮЙІП КЕТТІМ

Қазақстан әскери-теңіз күштерінің бұрынғы бас қолбасшысы Нұр-Сұлтанда такси болып күн көріп жүр. 

Кезінде кемемен ғана жүрген адмирал қазір көлігімен жолаушы тасымалдайды екен. Жандарбек Жанұзақов қызметін асыра пайдаланғаны үшін былтыр мамыр айында алты жылға сотталған болатын. Кейін аппеляциялық алқа жазасын жеңілдетіп, бес жылға бас бостандығын шектеген. Сондай-ақ, барлық атақ-даңқынан айырып, 30 миллион теңге айыппұл салған еді. Енді осы қомақты қаржыны өтеу үшін Жандарбек Жанұзақов жеке көлігімен такси болып жүр. 30 жылдан астам уақыт өмірін әскери қызметке арнаған ол енді әр жолаушының қас-қабағына қарауды үйренген. Адмиралдың қомақты табысынан айырылып такси қызметінің мардымсыз кірісіне мойынсұнып отырғанымен, бұл еңбекті арсынбайды.

Жолаушыларыммен әңгіме-дүкен құрғаннан кетәрі емеспін. Әңгіме барысында бұрынғы әскери мансабым жайлы да жасырмаймын. Көбі вице-адмирал екенімді естіп, көлігіме қарап және такси қызметімен күнелтіп жүргеніме аң-таң болады. Не деймін оларға, отбасымды асыраудың басқа амалы болмаған соң осы шаруаға иек артып отырмын. Әрине, мына жағдайыма өкпелеп қалатыным бар. Неге десеңіз, нақақтан-нақақ күйіп кеттім, – дейді Қазақстан әскери-теңіз күштерінің бұрынғы қол басшысы.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров