Дуагерлердің дуасымен және мәжбүрлеп зорлау арқылы түзу жолға түсіру. Қазақстанда гомосексуализмді қалай «емдейді»

Express Qazaqstan
independent.co.uk

Гомосексуалдық және бисексуалдық адамдар гетеросексуалдарға қарағанда өз-өзіне қол жұмсау әрекеттерін бірнеше есе жиі жасайды.   Әсіресе өз-өзіне қол жұмсауға ЛГБТ жасөспірімдері бейім. Көптеген жағдайларда олар өздеріне қол жұмсап өмірден өз еркімен кету туралы шешім қабылдайды, себебі қоғам оларды табиғаттың қателігі деп санайды.

Қазақстанды гейлер, лесбияндар мен трансгендерлерге мейірбан ел деп айту қиын. Тіпті бір жынысты одақтар туралы әңгімелер бізде ұят санатына жатады. Гомосексуалдар өздерінің жыныстық көзқарастарын жасыруға мәжбүр, өйткені олар отбасы тарапынан қолдау көретіндеріне сенбейді, ал үйден масқара болып қудалану мүмкіндігі айдан анық. Егер ол ересек адам болса, қай кезде де кетіп, жаңа өмір бастаса да оған оңайға соғады, ал жасөспірімдер үшін әлдеқайда қиын. Олар ата-аналарына сеніп, өздері туралы бәрін шынымен айтуға тырысады, бірақ ата-аналарының реакциясы балалары армандаған реакцияға еш уақытта ұқсамайды. Олар бірден жасөспірімдерді дуагерлерге, халық емшілеріне және психиатрлерге апарып емдеуге тырысады. XXI ғасырда қазақстандықтар әлі де гомосексуализмді психикалық ауру, сән соңынан ергендер, көз тию немесе қарғыс атқан деп санауды жалғастыруда. Сиқырлы рәсімдер қажетті нәтиже бермегендіктен, "қамқоршыл" әкелер мен аналар ақырғы шараға барып жатады - мәжбүрлеп зорлау арқылы түзу жолға түсіру.

«Мен 17 жаста болғанда, досым екеуміздің жазысқан хаттарымызды әкем оқып қойды. Біз досым екуміз шын көңілден ашық мойындауларымызбен алмасатынбыз, құмарлы жыныстық қатынасымыздың егжей -тегжейін есімізге түсіріп хат алмасатынбыз – дейді А есімді қыз. Сол кезде әкем қатты ашуланды. Мені аяусыз ұрып-соғып, аяқ киімсіз дәлізге итеріп жіберді, ойыншық сияқты баспалдақпен сүйреп апарып, көлік салонына лақтырып жіберді де: "Осыдан қозғалсан, мен сені өлтіремін!» деді. Содан алыста тұратын туыстарына алып келді, бөлмелердің біріне кіргізіп, есікті кілтпен жауып қамап кетті. Әр дыбыстың тырс еткен дауысынан дірілдеп қанша сағат сол бөлмеде болғанымды білмеймін. Әкемнің жалғыз қызымын ғой, мүмкін ойланып-толғанып мені кешіретін шығар деп үміттендім. Алайда мені нағыз сұмдық күтіп тұрды. Түн ортасында есік ашылып, бір ер адам кірді. Мені зорлап, кетіп қалды. Бұл тозақ қатарынан үш түн жалғасты. Күніне екі рет тәтем тамақ әкеліп беріп, жек көріп, жиіркенішпен қарайтын. Біраз күннен кейін әкем екеуміз үйге қайттық. Әкем үйге жеткенше жол бойы сөз қатпады, пәтеріміздің табалдырығын аттай бергенде «Мен сені емдегенім үшін әлі маған рақмет айтасын» деді. Ақыры мен жүкті болып, атын білмейтін адамнан ұл баланы дүниеге әкелдім. Ұлыммен қалыпты сөйлесе алмаймын, себебі оның әкесін жек көремін. Әрине бала кінәлі емес қой, бірақ өзіме ештеңе істей алмаймын. Бірде мен өлгім келіп, өз-өзіме қол жұмсамақ әрекет қылдым, алайда психикалық денсаулық орталығына тап болдым. Психиатрмен сөйлескеннен кейін менің болашағым тек маған байланысты екенін түсіндім. Қазір жаңа өмір бастауға бел будым».

Қоғамдағы гомофобиялық көңіл-күй соншалықты күшті болғандықтан, гомосексуалдар тіпті дәрігерлерге де ашылуға дайын емес. Сексолог, психикалық денсаулық орталығының психиатр-дәрігері Майра Мельдеханова өзін-өзі өлтіруге қадам жасаған гейлерге бірнеше рет көмек көрсеткен. Жас, табысты, келешегі бар, білімді, дені сау және әдемі адамдар өзіне-өзі қол жұмсау арқылы ғана осы мәселенің жалғыз шешімін көріп отыр дейді.

«Қазақстандықтарда іріктемелі төзімділік бар. Егер көршінің лесбияндық қызы болса, оның ата-анасы достарының қолдауына сене алады, бірақ ешкім өз отбасында гомосексуалдарға шыдамайды. Бір жынысты жыныстық қатынас бұрмалану емес екендігін білетін уақыт келді - дейді Майра Мелдиханова. – Гомосексуалдар елге жария болудан қорыққаны соншалықты, не үшін өз-өзіне қол жұмсауға итермелеген нақты шын себепті атамайды. Менің пациенттерімнің бірі ұзақ терапиядан кейін ғана өзінің мәңгілік көзге көрінбейтін адам сияқты ойынның кесірінен өмірімен қоштасқысы келгендігін айтты. Ол ата-анасының, достарының және әріптестерінің негативті реакциясынан қорқып, әрдайым өз сезімдерін жасырып, сау адам кейпінде болғансынған».

«Шынын айтқанда ересектерге оңай, ал жасөспірімдерге біздің мәселемен баратын жер жоқ» - деп 16 жастағы С. есімді жасөспірім айтады. – Біздің пәтер жалдауға және өзімізді қамтамасыз етуге мүмкіндігіміз жоқ. Мысалы Ресейде «404 балалар» деп аталатын керемет қозғалыс бар, олардың «Біз қате емеспіз» деген ұраны да жақсы. Кейде интернет желісінде жұмыс істеп отырғанда монитор бетіне «Қате 404 – бет табылмады» деген терезе пайда болады, соған қарап атаған болар. Әлеуметтік желілердегі жоба бетінде өз оқиғамды сипаттап жазған болатынмын, бірден жеңілдеп қалдым. Дәл тапқандаймын: Мен қате емеспін. Осындай қозғалысты өз отанымда жүзеге асырғым келеді. Қазақстандық «404 балаларының» көлеңкеден шығатын уақыты келді. Кәмелеттік жасқа толғаннан кейін жобаның негізгі идеяларын ілгерілету бойынша жұмысқа кірісемін.т

Баласының гомосексуал екендігі туралы хабар әлбетте ата-аналарға қуаныш әкелмейтіні анық, бірақ ата-анасы өздерінің реакциясы мен балаларының бақыты арасындағы тікелей байланысты білуі керек. Бірден қорытынды жасап асығудың және басын тауға да тасқа да ұрудың қажеті жоқ. «Қатаң тәртіп пен ауыр жазалар қолданғаннан ғажап нәрсе болмайды, ұрып-соққаннан көз алдыңызда өзгере бастайды деген үмітпен баланы қорқытудың қажеті жоқ» – дейді отбасылық психолог Надежда Хасанова.

«Гейлерді әскери училищеге, ал лесбияндарды ауылға жіберу керек! Онда олар гендерлік рөлдерін бірден игереді!» - дейді «Ақылды данышпандар». Тіпті олай емес. Гомосексуализм вирус емес, сиқырлы әсердің салдары да, сән индустриясының ағымы да емес. Жыныстық көзқарасты таңдамайды. Балаларыңызға ұрысудың, балағаттап қорлаудың, ауыр сөздермен қарғаудың және кінәлілерді іздеудің қажеті жоқ. ЛГБТ-ның мейірімді психологының көмегіне жүгініңіз, әлбетте ол сізге осындай жағдайда отбасында қарым-қатынасты қалай дұрыс құру керектігін айтып көмектеседі.

Сіз нені қалайсыз? Балаңыздың өлімін бе? Әлде үйден бір жолата кетіп қалғаның ба? Жоқ әлде өз махаббатын тауып бақытты болуын мойындайсыз ба? Дұрыс шешім қабылдаңыз.

Осы материал «Феминита» бастамасымен ЛГБТИК+ адамдарына қатысты кемсітпеушілік пен теңдікті насихаттайтын онлайн-кампания аясында жазылған #iwriteforequality.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров