Ақтөбе облысында Қытай CNPC еншісінің қызметкерлері ереуіл жариялады

Express Qazaqstan
facebook.com

"ҚМК-Мұнай" компаниясының қызметкерлері 25 қаңтардан бастап ереуілге шығатындарын мәлім етті, олар жалақыны 100%  арттыруды талап етіп отыр, бұл туралы мұнайшылардың видежолдауында айтылған.

"Біз-Ақтөбе облысының Темір ауданында орналасқан "ҚМК-Мұнай" компаниясының жұмысшыларымыз. Біз  осы видео арқылы  жалақымызды 100% арттыруды сұраймыз. Біз 25 қаңтардан бастап жұмысқа шықпау туралы шешім қабылдадық. Біздің ұжымдық талаптарымызды орындауды және  компанияға тексеру  жіберуді сұраймыз", делінген дүйсенбіде әлеуметтік желілерде жарияланған бейне хабарламада.

Үндеу Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа жолданды.

Қызметкерлер 12 қаңтарда компания басшылығы мен облыстық әкімдікке жалақыны көтеруді сұрап хат жолдағанын, бірақ олардың талаптары қанағаттандырылмағанын түсіндіреді.

"Бұған ешқандай себеп жоқ дейді, бірақ олар бар. Біздің компания - Ақтөбе облысындағы алдыңғы қатарлы және ықпалды компаниялардың бірі. Жыл сайын біз мұнай өндіру бойынша жоспарларды артығымен орындаймыз. Ал басқа мұнай өндіруші компаниялармен салыстырғанда жалақы өте төмен. Пандемия кезінде азық - түлік бағасы, коммуналдық қызметтер қымбаттады, несие өтеу үшін жалақы жеткіліксіз", делінген хабарламада.

Ақтөбелік мұнайшылардың айтуынша, олардың жалақысы басқа өңірлермен салыстырғанда ең төмен.

"Біздің жалақымыз мұғалімдерге, дәрігерлерге және зейнеткерлерге қарағанда төмен. Бұл мәселені шешуді сұраймыз", деді "ҚМК Мұнай" қызметкерлері.

Компаниядағылар болса  "Интерфакс-Қазақстан" агенттігіне барлық басшылардың кен орнында екенін айтып, жағдайға түсініктеме бере алмады.

Облыс әкімдігі ақпаратты кейінірек беруге уәде етті, қақтығыс болған жерде жергілікті билік өкілдері бар екенін айтты.

"ҚМК Мұнай" АҚ 2004 жылы құрылған, Yukon Energy Holding және "СНПС-Ақтөбемұнайгаз" АҚ-на тиесілі (дауыс беретін акциялардың 50% бойынша).

Компания қызметінің негізгі саласы Ақтөбе облысында орналасқан Көкжиде, Құмсай және Мортық кен орындарында көмірсутек шикізатын барлау және өндіру болып табылады.

2019 жылы "КМК Мұнай" АҚ мұнай өндіру көлемі 486 мың тоннаны құрады.

"СНПС-Ақтөбемұнайгаз" - Ақтөбе облысындағы ең ірі мұнай өндіруші компания, Жаңажол, Кеңқияқ тұзүсті және Кеңқияқ тұзасты, Солтүстік Трува кен орындарын игеруде. Компанияның иесі-қытайлық CNPC.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров