Айран ішкендер тұтылды ма?

Express Qazaqstan
Яндекс.Новости

 Құзырлы органдар әзір ләм-мим деп тіл қатпады. Ақпарат бәлкім жалған деп қолды бір сілтейін десең, күдікке ілінген аталмыш атқамінерлердің ешбірі апта басынан бері жұмысқа шықпаған. Телефондары өшірулі. Сенімді дереккөздердің мәліметінше олар мердігер компаниялардың бірінен 10 млн теңге көлемінде пара алғаны үшін ұсталған. Жағдайдың жай-жапсарын енді Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі түсіндірер деген сеніммен күтейік. Айта кетейік, ашық дереккөздердегі мәліметке сүйенсек, Талғар ауданында осы уақытқа дейін жемқорлық пен заңсыз жер телімін сатқаны үшін 40-тан астам шенеунік сотталған. 

Қызмет жасаймын деп емес, көп асаймын дейтін атқамінерлердің қаңтарда жемқорлыққа қатысты қатаңдаған заң да жүректерін әзір шайлықтырмай тұрғандай. 

Жаңа жылдың алғашқы айының 24 ші жұлдызында Талғар ауданы әкімі, оның орынбасары мен Тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы бөлімінің басшысы парамен ұсталғаны жөніндегі жайсыз жаңалық әлеуметтік желіде желдей есті. Әкімдік креслосына отырғанына жарты жыл да болмаған Серікжан Ерекешев командасымен тұтылды деген хабар көз ілеспес жылдамдықпен чаттан чатқа, ауыздан ауызға тарап жатқанмен, күн жексенбі болғасын ба ресми ешқандай орган растамады, не жоққа шығармады. Амалсыз, әліптің артын бақтық.

Осы екі арада таяқтың бір ұшы тиерінен қорыққасын ба, Алматы облысы әкімдігі Ерекешевтің ұсталардан екі күн бұрын, яғни 22-қаңтарда қызметінен босағаны жөнінде ақпараттың шетін шығарды. Ал, ол жөнінде сайтта ресми мәліметтің жоғынан бөлек, жергілікті әкімдіктегі қызметкерлердің өзі хабарсыз. Тіптен, фейсбутегі аудан белсенділерінің бірі Клара Хасанованың  парақшасындағы видеоға қарағанда, аудан әкімі 23-қаңтар күні жиын өткізген. Сонда тағынан тайған шенеуніктің келесі күні жиналысты басқарып отыруы қандай қисынға келеді?

 Мұны бір деп қойыңыз. @yedilov телеграмм каналының жазған мәліметі бойынша Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Ерекешевтен бөлек орынбасары Ахмет Әшімахұн мен Тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы Асқар Шамаевты құрықтаған. Бірақ, одан кейінгі күндері шығып жатқан бейресми жаңалықтарда орынбасардың аты-жөні жоқ. Соған қарағанда айран ішкен кімнің құтылып, кімнің тұтылатын тағдыры аукциондағыдай шешіліп жатқан сыңайлы.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров