Мұнайшы болу «модадан» қалды

Express Qazaqstan
azattyq.org

Ақтөбе облысында тағы бір мұнай компаниясының жұмысшылары ереуілге шықты. Бұл жолы корейлік инвестордың тапсырысын орындайтын «АМК-мұнай» серіктестігінің қызметкерлері жалақысын 150 мың теңгеге жеткізуді талап етуде. Себебі мұнайшылар айлап үй көрмей жүріп табатын айлығымыз не бары 67 мың теңге деп ашынады. Сондықтан Бешенкөл кенішіндегі 70-ке жуық мұнайшы бүгін жұмысқа шығудан бас тартқан.

Тіпті жалақымыз көтерілмейінше ереуілді тоқтатпаймыз деп отыр. Вахталық әдіспен жұмыс істейтіндер мардымсыз айлық жанұямызды асырауға, коммуналдық қызметтерді төлеуге жетпейді деп президентке үндеу жолдады. Оларға екінші ауысымдағы әріптестері де қолдау білдірмекші болған. Алайда

Жүз шақты мұнайшыны «АМК-мұнай» компаниясының басшылары кенішке жібермей қойыпты. Инвестор мұнай шығаратын жердегі жұмысшылардың саны көбейіп, ереуілдің арты айқай-шуға ұласып кетеме деп қорыққан сыңайлы. Бірақ соған қарамастан түздегі әріптестеріне жете алмаса да мұнайшылар Ақтөбедегі кеңесенің алдына жиналып, басшыларына талаптарын жеткізді.

«Бүгін біздің вахтаға қосылатын күніміз. Бізді қоспай, сол екінші вахтамен қайтарып жіберіп тұр. Қазір қолымызға 65 мың айлық аламыз. Үш жылдан бері басышлар жалақыны көтереміз деп құрғақ уәдеге тойдырып келді» – дейді Серік Қайрат есімді мұнайшы.

Бір қызығы өңірдегі мұнайшылар мұңынан еңбек инспекторлары хабарсыз екен. Тіпті Ақтөбе облыстық еңбек инспекциясының қызметкерелері бұл мәселеге киліге алмаймыз деп ақталды. Сондықтан жұмыс беруші мен жұмысшы арасындағы еңбек дауы заң аясында шешілуі тиіс дейді.

Естеріңізге салайық, осыдан 5 күн бұрын Ақтөбе облысындағы «КМК-Мұнай» компаниясының жұмысшылары да бас көтерген. Олар жалақыны 100 пайызға көтеруді талап етіп отыр. Алайда қытайлық инвестор айлықты тек 20 пайызға көтеруге келіскен. Бірақ оны місе тұтпаған мұнайшылар енді облыс әкімі Оңдасын Оразалиннің келуін талап етуде. Бірақ әзірге аймақ басшысы жұмысшылардың жанайқайын тыңдауға асығар емес.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров