Жаңаөзендегі жұмысшылардың талабы орындала ма?

Express Qazaqstan
Әлеуметтік желінің видеосынан кадр

Жаңаөзенде мұнай компаниясына қызмет көрсететін жұмысшылар наразылыққа шықты. Олар жалақыны көтеруді және жұмыс сағатын ұзартуды талап етіп отыр деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Біз «МұнайСпецСнаб компаниясына» жалданып жұмыс жасайтын жүргізушілер өзіміздің тарифымыздың уақытын көтеруін талап етеміз– деп 60 шақты азамат ереуілге шыққан.

Бұл жазба әлеуметтік желіге жарияланған бойда видеодағы азаматты Жаңаөзен қалалық полиция бөлімшесі түсініктеме алуға шақырып алған. Шенділер халықтың үніне құлақ аспақ түгілі, наразылық білдіргендердің өздерін тергеп, бейнеүндеу жаздырған. Егер осындай видеолар тағы да шығатын болса, айыппұл саламыз деп қорқытыпты. Десе де мұнай компаниясына келісім-шарт арқылы қызмет көрсететін 60-қа жуық көлік жүргізуші екі күннен бері жұмысқа шықпай отыр. Айтуларынша, карантинге дейін олар бір күнде 10 сағаттық жұмысына 14 мың теңге алып келген. Ал, карантин кезінде жұмыс уақыты мен төлем көлемі қысқарып, күндік жалақы 10 мың теңгеге дейін азайған. Бұл ақша ештеңеге жетпейді дейді жиналғандар. Алайда ереуілшілермен кездескен атқамінерлер айлық көбеймейді деп кесіп айтты.

«МұнайСпецСнаб компани» ЖШС басшысы Ерлан Сәбиев мырзаның айтуы бойынша компанияның қаржылық жағдайы 1200 теңгеден 1400 теңгеге көтеруге ешқандай мүмкіндік жоқ екен. Сонымен қоса сағаттарын осы тарифтік жоспар бойынша істей беретінін жеткізді. Қазір наразы жігіттерді қайтадан жұмысқа шығатын болса қабылдауға дайын» – деді, Жаңаөзен қаласы әкімінің орынбасары Ғалым Байжанов.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров