Құтқарушыларды кім «құтқарады»?

Express Qazaqstan
holanews.kz

Алматыда Құтқару қызметінің жұмысшылары ереуілге шықты. Олар екі айдан бері айлық ала алмай жүргендеріне наразы.

Ондаған құтқарушы мекеме басшылығы отырған ғимараттың алдына жиналды. Өткен жылдың желтоқсаны мен қаңтардың жалақысын берсін деген талаптарын төтесінен қойды. Айтуларынша, қалта түбі қағылғасын несие төлемеу өз алдына, күнделікті азық-түлікке қаржы таппай қиналған.

Алматының Құтқару қызметі бұл жайтты әкімдікпен 2021 жылдың 21-қаңтарыенда келісім-шартқа отыруымен байланыстырды. Яғни, атқарылған жұмысты растайтын құжаттарды өткізгеннен кейін ақша мекеменің есеп шотына түседі екен. Сәйкесінше, содан кейін айлық аударылады деп түсіндірді. Жақын арада бәрі де тиісті жалақысын алады деп әңгімені жылы жапты. Әліптің артын бағамыз.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров