Дінге жат: Шырақшы мазардағы марқұмдардың бейнесін өшіріп тастаған

Express Qazaqstan
today.kz

Мазарды мазаққа айналдырған! Шымкентте зират шырақшысы қабірлердің басына орнатылған көк тастарды бүлдірген деп хабарлайды КТК телеарнасы. Яғни, құлыптасқа салынған суреттер мен қоршаулар дінге жат деген шырақшы бейнелерді қашап өшіріп, қоршауларды мүлдем алып тастапты.

Бұл бейітте бес туысы жатқан Нүрия Ғабдулина мазардың бүлінгенін жақында ғана біліпті. Анасы мен ағасына қойылған көктаста марқұмдардың суреті болған екен. Сол бейнелерді бәзбіреу қашап тұрып өшіріп тастаған. Тіпті көктасты талқандағаны былай тұрсын, қабірге қойылған қоршаудың өзін қиратып кеткен.

«Есімізден тана жаздадық. Не фото, не қоршау жоқ. 3-ші ақпан көре сала полицияға арызданғанбыз. Тағы бір аптадан кейін келсек тағы бір қабірдің басындағы бейнені қашап тастаған. Сонда бұлар қазірге дейін бейітті аңдып, марқұмдардың ескерткішін қор қылып жүргені ғой»-деп ашынды Нүрия Ғабдулина

Мұсылман мазарында жүзден астам адам жерленген. Ескілері жәй төмпешік болып қалса, кейінгілерінің басына көктастан ескерткіш қойылған. Құлпытастағы жазулар сол күйі тұр. Ал марқұмдардың суреті мен жан-жағындағы қоршаулары бұзылған. Қазір, мұнда оннан астам қабірдің тас-талқаны шыққан.

«Қалай болса солай қашап өшірген. Мысалы, мынау менің әкеме қойылған көктастың астындағы іргетасына дейін жұлып алып тастаған да, плитасын жерге қадай салған. Тіпті, туылған және өлген күні көрінбей қалыпты»-дейді Светлана Ғабдулина.

Құлыптастарды қиратып, әруақтарды қорлады деген осы зираттың шырақшысы болып шықты. 37 жылдан бері айналадағы бірнеше қорымға қарайлап жүрген Юлдаш Расулметов өлгендердің тасына сурет салып, қоршау дұрыс емес дейді. Мұндай нәрсе әруақтарды қинайды деген ақсақал мен оның жамағаты көктасты қашау үшін арнайы аппаратпен жұмыс істепті.

«Сурет пен ит бар жерге періште келмейді.Мұндайда әруаққа қанша құран бағыштап, құдайы берсең де сауабы болмайды. Сондықтан, біз түсінген адамға жақсылық жасап жатырмыз. Бұл уағыздарда айтылады. Біз имамдармен кеңесіп, көпшілікпен ақылдасып осылай шештік»-деп ақталды шырақшы Юлдаш Расулметов.

Өзімбілемдікке салынған шырақшы құлыптастардағы бейнелерді өшірумен былтырдан бастап айналыса бастапты. Тіпті жақынын жерлеруге келгендерге де бейнесі жоқ белгі қойыңдар деп үгіттейді екен. Шариғаттан аттамадым деген шырақшы енді осы істегендері үшін жауап береді. Себебі полиция "өлген адамдардың мәйіттерін және олар жерленген жерлерді қорлау" бабы бойынша қылмыстық іс қозғап, тергеу жүргізіп жатыр.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров