Туған қызын ұрып өлтірді

Express Qazaqstan
childrens.com

Петропавлда анасынан аяусыз таяқ жеген 3 жасар бүлдіршін ауруханада сол күйі ес жимастан көз жұмды. Бас сүйегі жарақаттанған кішкентай Сашаның өмірі үшін дәрігерлер екі апта бойы күресті.

Оны анасы ұрып-соғып, ес-түссіз жатып қалған кезде жедел-жәрдем шақыртыпты. Алайда дереу ауруханаға жеткізілген бейкүнә баланы ақ халаттылар ажал аузынан арашалап қала алмады. Өйткені бүлдіршіннің денесінде саутамтық жоқ дейді дәрігерлер. Өз қызын ұрып өлтірген безбүйрек ана қамауға алынды. Небәрі 23 жастағы келіншек сал болып туылған баласын, туысқандарына тастап кеткен екен. Ал бір жарым ай бұрын өз қолына қайта алыпты. Алайда туабітті мүгедек баланың жылай бергеніне шыдамағасын, өлімші етіп сабап тастаған. Осыдан кейін қатігез әйелге «адам денсаулығына қасақана зиян келтіру бабы» бойынша іс қозғалған болатын. Алайда бүлдіршіннің өлімінен кейін іс басқа бапқа ауыстырылып, қылмыстық кодекстің 106 бабы 3 бөлігімен қайта сараланды. Егер оның кінәсі дәлелденсе 8 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров