Турагенттік саяхатшыларды сан соқтырып кетті

Express Qazaqstan
pixabay.com

Түркияға саяхаттап барып қаңғып қалған. Атырауда туристік компанияға алданған саяхатшылар сан соғып қалды. Себебі жеңілдікпен жолдама сатқан «Эйр Тур» компаниясы қомақты қаражатты қалтасына басып, демалушыларды далада қалдырған. Арзан бағамен шетелде шалқып демаламыз дегендер енді шығындарын даулап жүр деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Боранбай Башаров тапқанын тірнектеп жинап, отбасымен Анталияда демалуды жоспарлапты. Тіпті бір миллион теңгеге жеңілдікпен жолдама алып, қара теңіз жағасына аттануға әзірленген. Алайда сапарға бір күн қалғанда қонақ үйден орын тұрмақ, ұшаққа билет алынбағанын біліпті. Себебі қомақты қаржыны қалтасына басқан «Эйр Тур» компаниясы кеңсесін жауып, басшылары ізім-ғайым жоғалған.

«Зардап шекен мен ғана емес. 20 шақты отбасы бар. Солардың ақшасын, еңбекақыларын қайтарып беру керек. Заңды дұрыс қолданбаса мұндай көбейіп кетеді. Мұндай көп өздеріңіз білесіздер»-деп күйінді Атырау қаласының тұрғыны Боранбай Башаров.

Боранбай секілді туристік компаниядан зардап шеккен 50-ден астам азамат бар. Олардың әр қайсысы турагенттікке 1 милион теңгеден астам ақша аударған. Кейібірі Түркияға ұшып барыпты да. Бірақ жататын қонақ үй таппай далада қалған. Себебі турагенттік саяхатшыларға еш жерден жатын орын алмаған.

«Біз Түркияда қаңғып қалдық. Компания тек ұшақтың ақшасын төлеген.Кейбіріне тіпті ұшақтың да ақшасын бермеген. Қонақ үй мен ішіп-жемімізге өз қалтамыздан төледік. Барлығы төленіп тұр, уайымдамаңыздар деп Қазақстаннан шығарып салған агенттікті елге келгенде таппай қалдық. Сотқа беріп зорға дегенде іздеп тапты»-дейді алаяқатға алданғанын кеш түсінген Атыраулық ОЛЬГА СОБЛЕВА.

Демалыстарының шырқы бұзылған саяхатшылар елге келген бойда полицияға арыз түсірген. Одан бері екі жыл өтсе де 30 миллион теңгені қалтаға басқан «Эйр Тур» компаниясының басшылары әлі жазаланбапты. Себебі турагенттік басшылары қалалық сотпен ауыз жаласып алған дейді зардап шегушілер. Тіпті уақытша тергеу абақтысында отырған басты күдікті үй қамаққа алынған. Ал сот үкімі әлі шықпапты.

«Қылмыскер түрмеде отыруы керек қой?! Менің ойымша ол өтірік құжат жасатып изолятордан босап шықты. Оның ешқандай да аяғы ауыр емес. Осылар қорықпайды! Сот та ұзақ жүріп жатыр. Ал біздің ақшамызды кім қайтарады»-деп шырылдап жүр Маргарита Сарбалина.

Ал облыстық сот бұл істің ақ-қарасын ашып айтпады. Өйткені тергеу жұмыстары әлі жүріп жатыр деп ақталды. Созбалаңға салынған сот отырысына қашан нүкте қойылатыны да белгісіз. Ал ақшасын даулаған жәбірленушілер әділдікті талап етіп келесі апта қайтадан қалалық соттың алдына жиналамыз деп отыр. Ал бұқараны алдап соққан «Эйр Тур» компаниясы қазір жұмысын мүлде тоқтатқан.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров