Уланған оқушылардың саны 118-ге жетті

Express Qazaqstan

obobrali.ru

Шығыс Қазақстан облысында астан ұшынған оқушыларға дизентерия деген диагноз қойылды. Бірақ ол инфекцияның қайдан тарағаны әлі белгісіз.

Өткен аптада Ұлан ауданы, Бозанбай ауылындағы мектеп-интернаттының оқушылары жаппай астан ұшынған. Ата-аналар, олардың мектеп асханасынан уланғанына сенімді. Себебі 300 ге жуық оқушысы бар Бозанбай ауылының балалары мектеп асханасында түскі ас ішкен екен. Осыдан кейін оқушылар өздерін жайсыз сезінген. Іші ауырып, басы айналған 85 бала сол күні ауруханаға жеткізілген. Ал, мереке күндері олардың саны 118-ге бірақ жетті. Астан ұшынғандардың арасында мектеп жасына дейінгі 8 бала бар. Осы оқиғадан кейін білім ошағы жабылып, оқушылардың неден уланғаны тексеріліп жатыр. Сондай-ақ аудандық білім бөлімінің басшысы мен мектеп директоры тәртіптік жазаға тартылды. Тіпті облыс әкімі Даниял Ахметовтың бұйрығымен өңірдегі барлық білім ошақтарындағы тазалық талаптары тексеріліп жатыр. Ал, қазір астан ушынған 61 оқушы ауруханада ем-дом алып жатыр. Оның көпшілігіне дизентерия диагнозы қойылған.

"Балалардың жағдайлары жеңіл және орта дәрежелі ауырлықта. Екі бала ауруханадан шығарылды. Ал 48 баланың анализінен дизентерия анықталды. Ол зертханалық және клиникалық зерттеулер арқылы дәлелденді"-дейді Шығыс Қазақстан облыстық Ана мен бала орталығының бас дәрігері Ермек Омарбеков.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров