Еш кеткен еңбек! ШҚО дәрігерлеріне Денсаулық сақтау басқармасы 70 миллиард теңге қарыз

Express Qazaqstan

instagram.com

Пандемия кезінде үйін ұмытып, басын күнде қауіп-қатерге тігіп жүрген ШҚО жедел медициналық жәрдем станциясының қызметкерлері жеті айдан бері тиісті үстемақыны алмай, салдары суға кеткеніне шағымданады. Айтуларынша, қарыз сомасы- 70 миллиард теңгеге жетіп жығылады.

ШҚО Денсаулық сақтау басқармасы бұл жағдайға қатысты пікір білдірмеді.

Даудың басы эпидемияға қарсы іс-шараларға қатысқан денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерінің жалақысына қосылатын үстемақыдан басталып отыр. Денсаулық сақтау министрлігі 2020 жылдың 4 сәуіріндке вирус жұқтырудың үш қауіпті тобын анықтады: өте жоғары, жоғары және орташа. Соңғы екеуіне дәрігерлер, фельдшерлер, жедел медициналық жәрдем бригадаларының жүргізушілері жатады.

"2020 жылдың тамызынан бастап ШҚО жедел медициналық жәрдем станциясының жұмысшыларына үстемақы бұйрықты өрескел бұза отырып төленеді, атап айтқанда-есептеулер тек КВИ белгіленген диагноздар бойынша жүргізілді, ал шақыруларды қабылдаған фельдшерлерге бір жыл бойы төленбеді",-дейді Шығыс Қазақстан облыстық адвокаттар алқасының адвокаты Елена Сухова.

Оның айтуынша, осы мәселені көтеріп, ШҚО денсаулық сақтау басқармасына қанша мәрте хат жолдаса да, ешқайсына жауап келмеген. Адвокат республикаға ортақ түскен бұйрықтың не себепті Шығыс Қазақстанда тамыздан бері орындалмағанын түсінбейді.

Фельдшерлердің айтуынша, ӘМСҚ мен жедел медициналық жәрдем станциясының әкімшілігі үстемақыны есептеу кезінде бригада барған науқаста коронавирус немесе вирус белгілері бар пневмония болды ма, жоқ па, соған қарайды. Вирус болмас, төлем де болмайды.

Дәл осындай жайт Семейдегі жедел медициналық жәрдем станциясында, Өскемендегі ауруханалардың бірінде де болған. Бірақ, онда медициналық мекемелердің басшылғы ұжымды қолдап, үстемақы төлеген.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров