Алматы облысы коронавирус бойынша «жасыл» аймаққа оралды, Нұр-Сұлтан R мәні бойынша көш бастап тұр

Express Qazaqstan

©ЭК/Андрей ХАЛИН

Алматы облысы коронавирус бойынша "жасыл" аймаққа оралды, Нұр-Сұлтан коронавирусты инфекцияның көбеюі көрсеткіші — R мәні бойынша көш бастап тұр, деп хабарлады агенттік тілшісі. Дүйсенбі күні ұсынылған өңірлердегі эпидемиологиялық жағдайларды бағалау матрицасына сәйкес қатаң шектеу шараларын енгізу қарастырылған "қызыл" аймақта Нұр-Сұлтан, Павлодар, Ақмола, Қостанай, Атырау облыстары бар. Бұл ретте Нұр-Сұлтан республика бойынша R көрсеткіші жөнінен көш бастап тұр, көрсеткіш мәні 1,2 және 1,3 аралығында. Қолданыстағы карантин шараларын сақтау және олардың сақталуын бақылауды күшейту қарастырылған "сары" аймақта Алматы, Қарағанды, Батыс Қазақстан облыстары бар. Алматы мен Шымкент және елдегі қалған барлық өңірлер жағдайы тұрақты, шектеу шаралары ары қарай жеңілдетілуі мүмкін "жасыл" аймақта.
Қазақстанның өзі болса "сары" аймақта қалып отыр.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров