«Демді ішке тарту»-вирустан жұқтырмаудың жаңа тәсілі ме?

Express Qazaqstan
arnapress.kz

Вирус жұқтырмаудың жаңа тәсілін Семей қаласының мәслихаты ойлап тапқанға ұқсайды.

Әлеуметтік желіде су жаңа мәслихат депутаттарының иық тірестіре, бетпердесіз түскен фотосы қызу талқыланып жатыр. Біріншісінде бетпердемен, екінші фотода халық қалаулылары бетпердесіз обьектив нысанына іліккен. 

«Әлеуметтік ара қашықтық қайда? Санитарлық талаптар неге сақталмайды?, «депутаттар шектеу шарасын ескермей ме?» деген сыңайдағы сұрақтар қарша борағасын, мәслихат хатшысы Бейсенбек Ақжалов өзінше ақталуға тырысып бақты.

Айтуынша, депутаттар арасында білікті дәрігерлер болған. Олар 30 секундқа демді ішке тартып, фотоға түсіп болғанша демалмай тұрса, еш өрескелдігі жоқ деген көрінеді. Айды аспанға шығарған мұндай тәсілді өзгелер қалай осыған дейін білмеген деп көбі қайран қалысты. Бірақ, бұл жауап эпидемиологтардың көңілін көншітпеді. 

Семей қаласы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы «фотоға түсу үшін әлеуметтік ара қашықтықты бұзып, бетпердені шешу дұрыс емес» деген пікірде. 

Қазір бір фото үшін туындаған әлеуметтік желідегі шуға қатысты мән-жайды анықтау жұмысы басталып кетті.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров