Соттың ішкені – ащы су

Express Qazaqstan
instagram.com

Әлеуметтік желіде бір топ ер адамның дастарқанда арақ ішіп масайғаны, тілдері күрмеліп отырған видеосы тараған еді. 

Көпшілік көңіл көтерушілердің арасынан Алматы қаласы, Алмалы аудандық сотының судьясын жазбай таныды.

ҚР Жоғарғы соты баспасөз қызметінің жетекшісі Абай Жарылқасын осы іске байланысты Алматы қалалық соты қызметтік тексеріс басталғанын хабарлады.

Кейінгі кездері заң саласы қызметкерлерінің осындай "жайсыз жағдайда" жұрт көзіне түсіп қалатын кездері жиілеп кетті. Көңіл-күйі көк тіреп, жеті қат аспан үстінде "қалқып жүрген сәттерін" паш ететін де өздері. Дастарқан басында отырып мерекелеуді де, саунада сан етін жалтыратып жүргендерін де көпшілікпен бөлісіп, артынан бастары дауға қалады.

Назар аударыңыз! Балағат сөздер.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров