Коммунизм ескерткіші кімге керек?

Экспресс К
ratel.kz

Қарағанды облысының Ақбастау ауылы орақ пен балғаның ескерткішіннен айырылып аңырап қалды. Кеңес дәуірінің белгісі саналатын мүсінді білгісіз біреулер түп орнымен жұлып алып кеткен. Орнына еліміздің көк байрағын қадапты. Тұрғындардың толқуы салдарынан шағын ғана ауылда шұғыл жиналыс өткізуге тура келді. Оған аудан, тіпті облыс деңгейіндегі шенеуніктер келді деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Келмеске кеткен кеңес заманының есткеркіші саналатын мүсінді алып тастау туралы ұсыныс былтыр түскен. Сол кезде аттандағандар саны көп болып бұл мәселе жабулы қазан күйінде қалыпты. Дегенмен өткен түні орақ пен балға ақыры із түссіз жоғалыпты.

Орақ қайда деп ойбайлағандар Ақбастаудағы мәдениет үйін басына көтерді. Айтуларынша ескерткішке тиісуге ешкімнің хақысы жоқ. Оны ұрлағандар молшылық пен тоқшылық жылдарына, қала берді бала махабаттарына деген сағынышты қолды қылды дейді.

«Балға мен орақтың түбінде ғашықтарымызбен кездесетінбіз. Күйеуім тұрмысқа шығуға ұсыныс жасаған. Мектеп бітіргендер ескерткіштің түбінде таңды қарсы алатын дәстүр қалыптасқан. Бұл жер өзімізге сондай ыстық»-дейді Ақбастау ауылының тұрғыны   Виктория Грицишина

Кеңес дәуірін басқа ұлт өкілдері ғана сағынып жүрген жоқ. Жалындаған жас шағында шайқап төгіп жүрген күндерін осы күні самайы ағарған қариялар да еске алады.

«Малымызды апарып, қыстан аман есен шықтық деп отыратынбыз жуып. Бал шаға боп баратынбыз. Енді міне қара қандай болып қалғанын. Мынау ауылдың сәні, бір жағынан ескерткіш қой бұл. Ал қандай зиян көрдік біз совет үкіметінен, көрген зиянымыз бар ма»-деп ашынды ауыл тұрғыны Дүйсенбай Қожақай ақсақал.

Тұрғындардың біразы өз туы мен әнұраны бар тәуелсіз ел болғанда ауылдың төбесіне орақ пен балғаны төндіріп қойғанымыз қай сасқанымыз дейді. Осы ойлары үшін жоғын даулап жүргендердің жауына айналған. Өйткені ескі ескерткіш осыдан бір апта бұран құлатылған екен. Оны коммунизмді сағынып жүргендер қайта орнатып, әлгілермен әкесінің құны кеткендей қызылкеңірдек болған. Енді қолды болғанын көргенде тіпті жылырман күйге түсіпті.

«Осы ауылдағы орыс қазақ деп ешкім бөліп отырған жоқ, орыстілділік. Қай тілде сөйлейді сол тілге қызмет етеді. Оны арандатушылар, біздің символымыз, біздің қорғанымыз деп. Көк тудың орнына қызыл ту тігіп, орақ пен балғаны неге қалдырмадық онда? Біздің символымыз бөлек қой әзір, әнұранымыз бар»-дейді Аспандияр Сейсенов.

Биіктігі 3 метр болатын мүсін металл қабылдау пунктіне өтіп кетті деген болжам айтылды. Оның орнына қойылған туды, заң талаптарына сай келмейді деп прокуратура алғызып тастапты. Ал жергілікті әкім тұрғындардың ауылға деген сезімін басқа жолмен оятпақшы.

«Ақбастау менің жүрегімде. Мен Ақбастауды сүйемін дегендер бар ғой, көпжерлерде қойылып жатыр. Сондай бір заманауи ескерткіш қойсақ. Өйткені халық ертең бірін бірі түсінбей бөлінбесін деп, сол шешімге келіп тоқтауымыз керек»- деп, Ақбастау аулының әкімі Рымбек Тұяқбаев жұртқа басу айтып жүр.

Орақ пен балғаның жоғалуы ауылдағы жалғыз проблема емес. Тұрғындар жаз шықса мал жаятын жер таба алмаймыз деп қынжылады. Бәрі жекенің қолында. Ауыз су жүйесі де жиі сыр береді екен. Алайда, коммунизмге деген сағыныштан туған дау, күйбең тірліктегі түйткілдерді ұмыттырып жібергендей.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров