Паркингтегі той

Экспресс К
YouTube сайтынан кадр

Естімеген елде көп. Ақтауда тұрғындар автотұрақта той жасаған. Бұл туралы Экспресс К сайты хабарлайды. Видео авторының айтуынша, паркингтегі дастархан – беташар тойға жайылған көрінеді. 25 жылдан бері той жүргізіп жүрген асабаның өзі мұндай тойды бірінші рет көріп отырғанын айтып, таңданыс білдіреді. Ол «Мен мектепте, шатырда өткен талай тойды жүргізгенмін, бірақ паркингте болған тойды бірінші рет көріп отырмын. Бір жағымызда көліктер, мына жақта той дастарханы» - деп, таныстырған.

Той – халықтың қазынасы. Бірақ дәл қазіргі жағдайда тәртіпке бағынып, той-томалақты азайту керек еді. Бұл туралы былтырдан бері айтылып, жазылып жатыр.

Бүкіл әлемді әбігерге салған індет кезінде тойхана мен мейрамханалардың жұмысы тоқтап қалды. Бірақ той тоқтаған жоқ. Қонақ санын азайытып, шағындап той өткізу жалғасып жатыр. Көптеген тойлар аулаларда, үлкен үйлерде, шағын кафелерде аталып өтуде. Осының өзі халқымыздың тойға келгенде, кредит түгілі ковидтен де қорықпайтын «батыр» халық екенін көрсетсе керек!

Ал Ақтаудағы паркингте өткен тойдың видеосын мына сілтемеден көре аласыздар!

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров