Қазақстанда 1 наурыздан бастап COVID-19 бойынша шектеу шаралары жеңілдетілмек

Express Qazaqstan
©ЭК/Андрей ХАЛИН

COVID-19 таралу деңгейі төмен және орташа  аймақтарда  ("жасыл" және "сары" ) 1 наурыздан бастап бірқатар шектеу шаралары жеңілдетіледі, деп хабарлады коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия (ВАК) сәрсенбіде өткен отырыстың қорытындысы бойынша.

Атап айтқанда, ВАК отырысында қабылданған шешімге орай "жасыл аймақтағы"  өңірлердегі  цирктердің, бильярд клубтарының, балалар ойын - сауық орталықтарының жұмысына жеті күн бойына рұқсат етіледі - толымдылығы 30% дейін; спорттық іс-шаралар (30% дейін), жұма намазы (мешіттердегі жұма намазы) (30%  дейін) және еске алу (30%  дейін, 50 адамнан аспайтын).

"Сары аймақта орналасқан өңірлердегі жабық базарларға (азық - түлік, азық-түлік емес), сауда үйлеріне, сауда желілеріне жексенбі күндері  жұмыс істеуге рұқсат етілсін", яғни 1-наурыздан бастап жеті күн бойы жұмыс істеуге рұқсат беріледі, делінген ВАК хабарламасында.

Бүгінгі таңда "сары" аймаққа  Нұр-Сұлтан, Ақмола, Батыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар облыстары енген. Барлық қалған өңірлер - "жасыл" аумаққа жатқызылған. Қазіргі кезде коронавирустың таралуының ең қауіпті деңгейі "қызыл" аймақ жоқ.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров