Бадамда балық қырылып жатыр

Express Qazaqstan
Бейнеден кадр

Әлеуметтік желіде Түркістан облысындағы Бадам өзенінде жаппай балық қырылып жатқаны жөніндегі хабар қызу талқыға түсті. Іле-шала Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Балық инспекциясын өзенге сынама алуға жібергенін хабарлады.

Инстаграм парақшаларындағы видеоға қарағанда өлген балықтар өзен жағасына шығып қалған. Мәселенің мән-жайын білу үшін Арал-Сырдария облысаралық балық шаруашылығы бассейндік инспекциясы Түркістан облысы бойынша балық инспекциясы бөлімімен Шымкент қаласының Экология департаменті, Табиғатты қорғау полициясы және Ветеринарлық қызмет өкілдерімен видеоға түсірілген жерге барды.

«Тексеру барысында зертханалық зерттеулер үшін өзен суы мен балықтан сынама алынды. Өзеннің кейбір учаскелерінде су түсі ақшыл түстен бұлыңғыр-қоңыр түске дейін өзгерген. «Балық шаруашылығы ҒӨА» ЖШС Арал бөлімшесі алдын ала қорытындысына сәйкес, балықтың қырылуына жаңбыр мен тасқыннан су сапасы мен температурасы өзгеруі себеп болған. Бұл өз кезегінде балықтар тіршілігіне әсер етеді»,- делінген Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің хабарламасында.

Зертханалық зерттеулер нәтижесінен кейін балықтың нақты неден қырылғаны анықталады.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров