Әулиенің зиратын бүлдірген қаскөйге үкім шықты

Express Qazaqstan
batys.info

Атырау облысы, Қызылқоға аудандық соты былтырғы жылдың қыркүйек айында зираттар мен мазаратты қиратқан қаскөйге қатысты сот үкімін шығарды.

Қызылқоға ауданына қарайтын Тасшағыл ауылынан 15 шақырым қашықта жатқан «Мәтен қожа» қауымындағы бір емес 15-ке тарта құлпытасты шағып, қоршауын бүлдіріп, керегесін қиратып кеткен опасыз ұсталған еді. Оспадар ісі мұнымен де бітпей мәтен қожаның басына зиярат етіп келушілер түнейтін үйді де өртеп жіберген еді. Тиісті мекемелер мен заң органдарының жедел іздестіру жұмыстары нәтижелі болып, бұзақы қолға түсті. Қорымды қиратқан еш жерде жұмыс істемейтін 43 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты. Қызылқоға аудандық сот Нияз И есімді бұзақыға қатысты сот түкімін шығарды. Сот процесі барысында бұзақы мұндай арсыздыққа есірткінің миын мулағандықтан барғаны айтқан. Қорымға келтірген материалдық шығын көлемі 700 мың теңгеге бағаланып, сотталушы шығынды өтеген. Қираған мазардағы марқұмдардың туыстары кешірім берген соң айыпты түрмеге жабылған жоқ. ҚР Қылмыстық кодексінің 314-бабы «Өлген адамдардың мәйітттерін және олар жерленген жерлерді қорлау» бойынша тергеу жұмыстары жүргізіліп, екі жылға бас бостандығынан шектелді. Оған қоса 100 сағат мәжбүрлі жұмыс істеуге міндеттелді.

Мәтен қожа әулие 300 жылдай уақыт бұрын қазақ даласына дін тарату мақсатында келген қожа діндарлығымен қатар әулиелі емші болған. Мәтен қожадан тарайтын ұрпақары әр облыста да бар, өсіп-өнген әулет саналады.

Мәтен қожаның зияраты басына орнатылған белгітаста араб қарпімен жазылған мәтін бар. Қазақ тіліне тәпсірлегенде былай оқылады.   

«Байұлы ішінде қожа Матан ибн Қожа Төлек бұл фәни дүниеде 63 жас өмір сүріп ахыры Алланың жазуымен 1802 — ші жылы қайтыс болып бұл орынға жерленді. Өзінің көзі тірісін де керемет иесі болып, қайтыс болған соң да кереметі бар орын болды. Бұл жерінен әр түрлі ауруға, мұрат еткен әр дерт үшін шипа бар, бүгінде де болады. Мұны қойды немересі Айса қожа Қылыш қожа ұлы».

Мәтен қожаның сүйегі жерленген қорым маңындағы мұнайды игерушілер әулиенің аруағын күңіренткені үшін де талай кедергілер мен қиындықтарға тап болғанын жергілікті тұрғындыр жыр ғып айтады. Мұнай соратын қондырғыны құрастырушылар да, бұрғышылар да, басқа да қызметкерлер мәтен қожаның мазараты маңында мұнай іздейміз деп түрлі келеңсіз жайттарға жиі ұшырасады екен. Тіпті түн ішінде мұнайшылар қонатын вагонның сыртын ұрғылайтын көрінеді. Шам алып шығып қараса ешкім жоқ. тіпті «өлген адам не істейді?» деп күпір сөйлеген бұрғышының көмекшісі жұмыс барысында оқыс оқиғадан көз жұмады.

Мәтен қожаның зиратында өсіп тұрған шөпті тісі ауырғандар да емдікке пайдаланады екен. Бала көтер алмай жүрген жас келіншектер де зиярат етіп басына түнеп, малын арнап сойып, Алладан медет сұрайды.

Осындай әулиелі жерге келушілердің қатары артпаса кеміген емес.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров